RSS лента

Ауада не бар?

  • 13.09.2024, 12:37,
  • 1 456
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Қазнетте тараған видеода көлік үстіндегі шаңды қағазға түсіргенде оның магниттелетіні көрсетілген, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл Сахарадан тараған шаң екен. Пост авторының пайымдауынша, бұл шаң барлық жерде бар және біз онымен дем аламыз. Магниттік қасиеттері бар не қылған бөлшектер екенін анықтайық. Биыл көктемде Еуропаның бірнеше елінің тұрғындары ерекше құбылысты байқады. Грекия, Швейцария, Германия, Польша, Беларусь және Украина қалаларында шаңды дауыл болды. Аспан түрлі түске боялды – сұр түстен қызғылт сарыға дейін. Ғалымдардың айтуынша, дауыл Сахара шөлінен соққан. Шөл далада мұндай дауылдар жыл сайын ыстық пен құрғақшылықтан болады. Бұл турбуленттілік тудырады. Ауамен 60-200 миллион тоннаға дейін ұсақ бөлшектер тарайды. Ірілері жерге қонады, ал кішкентайлары мыңдаған шақырымға дейін тарайды. Сондықтан құмды дауылдар Еуропаның әртүрлі қалаларында болып тұрады.

 

Былтыр көктемде БАҚ-та Ұлыбританияда Сахарадан шаңды дауыл соққаны  туралы хабарланды, ал бір жыл бұрын Испанияда, Францияда және Сербияда осындай жағдай болған.

 

Шөлден тараған құм бөлшектері неге магниттеледі? Мұны ғалымдар Францияның AFP ақпарат агенттігіне түсіндірді.

 

Испания Геология және минералдар институтының ғылыми қызметкері Хуан-Крус Ларрасоанның айтуынша, «Сахара шаңы (жалпы шөл даладағы құм) темір оксидтеріне бай екендігі белгілі. Бұл негізінен магнетит және гематит. Олардың магнит өрісі күшті болады. Салмағы жағынан шаңның 6-7% темір оксидтерінен тұрады».

 

Афина университетінің геоэкология кафедрасының профессоры Афанасиос Годелицас Сахара құмында магнетит, гематит және темір гидриді бар екенін айтты. Олардың шөлде болуы адамның іс-әрекетімен байланысты емес.

 

«Оттегі мен темір – жер қыртысында өте кең таралған екі элемент», – дейді профессор. «Магниттік минералдар тау жыныстарының барлық түрлерінде аз болса да, әрдайым анықталатын мөлшерде болады».

 

Дәрігерлердің пікірінше, Сахарадан соққан шаң созылмалы респираторлық аурулары мен аллергиясы бар адамдарға қауіпті болуы ықтимал. Дені сау адамдарда артық бөлшектерді ағзаның өзі жояды.

 

Сахараның шаңы ауада әлі де бар деп айтуға негіз жоқ. Бұл Еуропа қалаларында жыл сайын болып тұратын қысқа мерзімді құбылыс. Құмның құрамында магниттік қасиеттері бар минералдар болады. Бұл қастандық теорияларын жақтаушылар айтатын ғажайып нәрсе немесе химтрейлдер емес, ғылыми дәлелденген факт.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости