RSS лента

Қырғызстанда дәстүрлі емес жыныстық көзқарасты насихаттауға тыйым салынды

  • 19.08.2023, 17:52,
  • 536
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Қырғызстантанда дәстүрлі емес жыныстық көзқарасты насихаттауға тыйым салынды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Президент Садыр Жапаров балалардың ақпараттық қауіпсіздігі туралы заңда бұған қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Настоящее время" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Құжатқа сәйкес, егер ақпаратта отбасылық және дәстүрлі әлеуметтік құндылықтарды жоққа шығару белгілері болса немесе туыстарына құрметсіздік білдіретін болса, балалар үшін де зиянды болып саналады.

 

Сонымен қатар, заң балаларды өз-өзіне қол жұмсауға, есірткіге, темекі мен алкогольге, құмар ойындарға, жезөкшелік пен қайыршылыққа итермелеуге тыйым салады.

 

Басқа да тыйымдарға "құқықсыз әрекетті ақтау", әдепсіз сөздер, порнография, адамдар мен жануарларға қатыгездік жатады.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости