Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post (SCMP) басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Баланың ата-анасы ұйықтап жатқан соң оны пәтерді жалғыз қалдырып кеткен. Бала оянып, балкон терезесінен шығып үлгерген. Кейін бала аяғымен тар кертпеге жабысып, жақтауға ілініп қалған. Жылап, көмекке шақыра бастаған баланың айқайын көршісі Ван Цзюни естіген.
Кейін ер адам жүгіріп барып, өз балконының терезе жақтауына шығып, бір қолымен баланың өкшесінен ұстап, оны қағып алуға тырысқан. Бұл кезде оның әйелі, қызы және көршісі пәтерде Ван Цзюнидің аяғын ұстап тұрған.
Тұрғындардың айтуынша, тұрғын үй кешенінің басқарушы компаниясының қызметкерлері дер кезінде көмекке келгенше бала мен ер адам осы күйде алты минуттай тұрған.
Баланың көршілерінің әрекеті назардан тыс қалмады. Ван Цзюньи, оның отбасы, басқарушы компания қызметкерлері мен көмек көрсеткен қарт көршісі ерлігі үшін жергілікті билік тарапынан марапатқа ие болды. Ал оқиғадан хабардар болған көптеген желі қолданушылары оның ерлігі үшін алғыстарын жаудырды.
"Істегені таңғаларлық. Ешқандай дайындықсыз қарапайым адам бола тұра батыл қадам жасады", — деп жазды тұрғындар.