Күдікке бірге тұрған жігіті ілінуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі МК басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 23 жастағы Великий Новгород тұрғынының анасы қызының қоңырауларға жауап бермей, жоғалып кеткені туралы арызбен полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары оның пәтерін тінткен кезде көргендері тіпті тәжірибелі тергеушілерді де шошытты.
Бойжеткен тұрған пәтерде полицейлер балконнан темір бөшке тауып алған. Оның ішінде целлофанға оралған дене болған. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу органдары қылмыстық іс қозғады.
Белгілі болғандай, марқұм бұл пәтерде 23 жастағы жас жігітпен бірге тұрған. Қазір ол кісі өлтірді деген күдікке ілінді. Алайда полицейлер жігітті әлі таппай отыр.