RSS лента

NASA айға баратын ғарышкерлер есімін жариялады

  • 04.04.2023, 09:06,
  • 356
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: nasa.gov

NASA тарихи Artemis II миссиясы ғарышкерлерінің есімдерін жариялады, деп хабарлайды Turantimes.kz NASA ресми ақпаратына сілтеме жасай отырып. 

NASA және Канадалық ғарыш агенттігі (CSA) айға баратын Artemisia миссиясының 4 астронавтын жариялады.

Олар: үш американдық – Кристина Кох, Виктор Гловер и Рид Уайзмен және канадалық Джереми Хансен.


Рид Уайзмен, Виктор Гловер және Кристина Кох үшін бұл екінші сапар болмақ. Уайзмен 2014 жылдың мамырынан қарашасына дейін 41-ші экспедиция құрамында МКС бортинженер болып жұмыс істеді. Гловер 64-ші экспедицияның құрамында SpaceX Crew-1 ұшқышы болған кезде ғарышта 168 күн өткізген. Кох ғарыш станциясының бортында 59, 60 және 61 экспедицияларында бортинженер болып жұмыс істеді. Ол орбитада 289 тәулік болып, ғарышта үзіліссіз болған әйелдер рекордын жаңартқан. Оған қоса тарихта алғаш рет тек әйелдерден құралған астронавтар командасына қосылып та рекорд жасаған.


Канадалық астронавт Джереми Хансен үшін бұл алғашқы сапар болмақ. Ол Канада Қарулы күштерінің полковнигі және ұшқыш.


Artemis II миссиясы 2024 жылдың соңына жоспарланған. Ғарышкерлер Айды айналып өтіп, 10 күнде Жерге оралуы керек. Сапар сәтті өткен жағдайда 2025 жылы Artemis III миссиясы күтілуде. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости