Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, Әуе-ғарыш күшінің (ӘҒС) зымыраны сәтті ұшырылып, ғарыш аппараты орбитаға штаттық режимде шығарылды. Қазіргі таңда ол жерден басқарылып отыр. Ғарыш аппаратына «Космос-2553» реттік нөмірі берілді. «Космос-2553» технологиялық ғарыш аппараты радиация мен ауыр бөлшектердің ықпал ету жағдайында қажетті борттық құрал-саймандврмен және жүйемен жабдықталған, делінген хабарламада. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2022 жылдың 15 ақпанында Байқоңырдан осы жылдың алғашқы зымыраны ұшырылмақ.