«The New York Times» басылымының деректеріне сәйкес, арнайы қызметтердің материалдарында соңғы 20 жылда болған 120-ға жуық оқиға қаралған. Бұл құбылыстардың АҚШ армиясына тиесілі технологияға қатысы жоқ екені атап өтілді. Бұл ұшқыштардың Үкіметтің құпия бағдарламаларына қатысы бар ұшақтарды көрді деген мәліметті жоққа шығарады.
«Үкімет зерттеліп жатқан құбылыстар бөтен кемелердің болуы мүмкін деген теорияны толығымен жоққа шығармауы керек», делінген әкімшіліктің жоғары лауазымды тұлғаларының хабарламасында.
Сондай-ақ, Пентагон беймәлім ұшатын нысандар туралы есебін көпшілікке ресми түрде жариялайтынын хабарлаған-ды.