Ливандық исламдық «Хизбалла» тобы бұл израильдік әскердің әуе соқысы болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарды. Өз кезегінде Израиль де бұл жағдайға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Ал, Ливанның премьер-министрі Хасан Диаб 5 тамызды ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Ол орын алған оқиғаны Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Хиросиме мен Нагасаки атом жарылыстарына теңеді.
«Өмірімде ешқашан мұндай алапат жарылысты көрмедім. Бұл ұлттық деңгейдегі апат», - деп мәлімдеді ол.