Олардың көбі – мектеп оқушылары. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC хабарына сүйеніп хабарлады. Қолда бар ақпаратқа сенсек, көз жұмғандардың көбі – 9-15 жастағы оқушылар.
Елдің ішкі істер министрлігінің өкілі Абдул Нәфи Тақыр тәліптердің қауіпсіздік қызметі тергеу бастағанын айтты. Ол кінәлілерді тауып, жазаға тартамыз деп уәде берді.
Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Қарзай жарылысты “адамзатқа қарсы қылмыс” деп атап, опат болғандардың туыстарына көңіл айтты.
2021 жылы тәліптер Ауғанстан билігін жаулап алғалы бері елде ондаған жарылыс болды. Оның көбіне “Ислам мемлекетінің” (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жергілікті бөлімі жауапты екенін жариялады.