RSS лента

Тәліптер өтініш білдірді

  • 22.09.2021, 02:44,
  • 389
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

«Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришке БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлеуге мүмкіндік беру туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Хат Амир Хан Муттакидің атынан сессия басталардан бір күн бұрын, 20 қыркүйекте жіберілген. Онда Муттаки Сыртқы істер министрі ретінде қол қойған. БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стефан Дужарриктің айтуынша, хатта Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғаниды 15 тамызда ол лауазымнан кеткені айтылған. Осыған байланысты бүкіл әлемдегі ел оны «президент ретінде мойындамайды» делінген.

 

Сонымен қатар, Моттаки Ауғанстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Гулам Исакзай бұдан былай елдің атынан өкілеттік ете алмайды деп мәлімдеді. Өз кезегінде тәліптер Сухайл Шахинді БҰҰ-ның тұрақты өкілі етіп тағайындапты.

 

Бүгін Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы ашылды, ол 21-27 қыркүйек аралығында өтеді. Биылғы сессияның тақырыбы — «Жақсылыққа сеніммен өміршеңдікті нығайту». Күн тәртібінің негізгі мәселелері коронавирустық пандемиямен күрес, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылық, тұрақты даму, сондай-ақ климаттың өзгеруі мәселелері болды. Ауғанстандағы жағдайға да ерекше назар аударылатын болады, деп атап өтті Қазақстан СІМ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости