RSS лента

Әлем коронавируспен қалай күресуде?

  • 26.01.2022, 02:14,
  • 565
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

«Альфа», «Бета», «Гамма», «Дельта», «Омикрон». Бұлар – тәжтажалдың «есімдері». Ел ішіндегі қотыр тілді адамдар аталған атауларды әзілге айналдырып та үлгеріпті. Бірі резіңке аяқ киімге (галош) жазылған атаумен байланыстырса, енді бірі автокөлік дөңгелегіндегі жазбамен сабақтастырып әлек, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ӘРҚАЙСЫСЫНЫҢ ӘРЕКЕТІ ӘРТҮРЛІ

 

Бірі білсе, бірі білмейтін болар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирусының жаңа штамдарын грек әліпбиімен белгілеуді ұйғарыпты. Бұл штамдар алғаш шыққан елдерді дискринимациялау және мутацияға ұшыраған вирустың түрлерін айтуға жеңіл болу үшін ұсынылған. Осыған байланысты Ұлыбританиядан анықталған алғашқы штамм «Альфа» деп аталса, оңтүстікафрикалық штамм «Бета», бразилиялық түрі «Гамма» деген атауға ие болған. Ал, үндістандық қос штамның бірі «Дельта», екіншісі «Каппа» деген «есімді» иеленген. «Альфа» штамы Ұлыбританияда алғаш рет 2020 жылдың қыркүйегінде табылды. Коронавирустың аталған түрі әлемнің шамамен 197 елінде тіркелген. Ол бастапқы SARS-CoV-2-ге қарағанда әлдеқайда жеңіл және жылдам таралды. «Бета» штамы 2020 жылдың мамыр айында Оңтүстік Африка Республикасында тіркелген.

 

Мамандардың айтуынша, індеттің бұл түрі де әдеттегі коронавирусқа қарағанда тезірек таралады. Өткен жылдың желтоқсанында «Бета» 146 елде «бой көрсетіп» үлгерген. 2020 жылдың қарашасында бразилиялықтарды дүр сілкіндіріп, алқымнан алған «Гамма» штамы еді. Ол алдыңғы толқын «Альфа» және «Бета» нұсқаларына қарағанда жұқпалы болып саналады. Басқа штамдардың арасында қайталанатын ауру қаупінің жоғарылауымен ерекшеленеді екен.

Үндістерді діңкелеткен «Дельта» болды. Аталған елде коронавирустың мутацияланған бұл түрі осыдан екі жыл бұрын бой көрсеткен еді. «Дельтамен» ауырып, ауруханаға жатқандардың саны бірнеше есеге көбейген. Адуынды ауру үй жағдайында емделуге бой бермеген сыңайлы. Деректерде жұқпалы дертті жұқтырғандардың 85 пайызы аурухана кереуетінде ем алуға мәжбүр болған. Зерттеушілер жаңа штамға «Омикрон» атауын берді. Ол Оңтүстік Африка Республикасы мен Ботсванада 2021 жылдың қарашасында табылған болатын. «Бұл індет әлі күнге дейін проблема туғызып отырғаны рас. Бірақ, аурудан айыққан кез-келген адам қазіргі вакциналарға қарағанда алдағы инфекцияларға қарсы иммунитетке ие болады» деп жазды The Sydney Morning Herald. Африкалық ғалымдар алдын-ала зерттеулердің нәтижесі бойынша, «Омикрон» «Дельтаға» қарағанда жұқпалы деген қорытындыға келіп отыр.

 

МУТАЦИЯҒА МӘН БЕРСЕК...

 

«Альфа», «Бета», «Гамма», «Дельта», «Омикрондар» – коронавирустың будандастырылған түрлері. Расында, мутациялар қалай пайда болады? №1 Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы Ақзада Шымырғалиеваның пікірінше, денеге енгеннен кейін вирус репликация процесін бастайды. – Ол тек тірі жасушаның ішінде жүреді және оның ресурстарын есептейді. Сондықтан ішке енгеннен кейін вирус рибонуклеин қышқылын екі есе арттырады,- деді маман. Барлық мут ациялар қауіпті. Вирустар жиі мутацияға ұшырайды, бірақ әрқашан сәтті бола бермейді. Олар денеде жүйелілікке жету үшін ұзақ уақыт сақталмайды. Осыған байланысты генетикалық өзгерістердің санын бағалау кезінде жиі ескерілмейді. Өткен жылдың т амызында Бат және Эдинбург университеттерінің ғалымдары COVID-19 вирусының мутация жиілігі 50% жоғары болғанын анықтады. Бұрын вирус шамамен екі аптада бір рет мутацияға ұшырайды деп есептелген екен. Авторлар егер пациент бірнеше аптадан астам уақыт бойы COVID-19-мен ауырса, онда вирус дами алады деген тоқтамға келген.

 

АУРУҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

 

Елімізде түрлі жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулармен ауыратындар саны аз емес. «Бұл жағдай COVID-19 мутациясына қалай әсер етеді?» деген сауалдың көптің көкейінде жүргені анық. Өйткені, осы сұрақ қоғамда көп тақылана бермейді. Деректерге сүйенсек, ЖҚТБ-ның COVID-19-ға әсері «Омикрон» пайда болғаннан кейін белсенді талқылана бастады. Мамандардың пікірінше, бұл – әлемдік қауымдастықта алаңдаушылық тудыратын штамм.

 

– Бұл штамм «Дельта» нұсқасынан емес, одан да ертерек COVID-19 сортынан шыққан. Бұл ерекше жағдай, өйткені жаңа штамдар мутацияның белгілі бір жиынтығымен қалыптасады. Вирус геномындағы мұндай өзгерістер табиғи түрде адамнан адамға ауысқанда пайда болады, - дейді Ақзада Санаққызы.

 

Оның айтуынша, «Омикрон» одан өзгешелеу. Вирустың көбеюі кезінде ең әлсіз бөлшектер өлетіні, ал тез және бейімделген заттар иммунитетке төзімді бола бастайтыны да белгілі болып отыр. «Сақтықта қорлық жоқ». Вирусты жеңудің негізгі жолы – иммунитетті қалыптастыру. Астаналық дәрігер Ғалия Батыржанова айтып жүргеніндей, таза ауа мен таза су – көп аурудың емі. Осы орайда, салауатты өмір салтын жаппай ұстанатын кез келді-ау.

 

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости