2020 жылдың 19 сәуірінде «Бірлік» вахталық кентінде жұмысшылардың бірінен коронавирустық инфекцияның жұқтыру фактісі анықталды. Осыған байланысты, ауруды жұқтырған адам 35 адаммен байланысты болғаны анықталды. Байланысты болған адамдарды экспресс-тестен өткізу үшін «Болашақ» кентінің тұрғын-үй блоктарына орналастыру туралы шешім қабылданды.