Polisia.kz мәліметінше, Алматы полициясы қалта ұрыларының қалай әрекет ететінін нақты көрсететін арнайы репортаж дайындап, олардың құрбанына айналмауға кеңес берді.
– Видеодағы әрекеттің қоғамдық көлікте өтуі бекер емес, себебі қалта ұрлығының көбі сол жерде орын алады. Азаматтардың баяулығы қаскөйлерге тиімді. Бұл бейнероликте біз ұрылардың ұялы телефондарды, әмияндарды қалай ұрлайтынын көрсетіп, құнды дүниелерді қайда жасырған дұрыс екендігі туралы кеңес бердік. Бұл бейне өнім жас шектеусіз кең аудиторияға арналған. Айтпақшы, балалар – мектеп оқушылары мен студенттер адамдар көп жиналатын орындарда өз мүлкін қорғау шаралары туралы білгені жақсы, өйткені олар оңай жолмен ақша табуды ұнататындардың қылмыстық қол сұғушылықтарының объектісіне айналады, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.
Анықтама үшін айта кетейік, Алматыда қалта ұрыларының саны 33,8%-ға азайған.