Polisia.kz мәліметінше, Алматы полициясы балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының көбеюіне алаңдаулы. Сондай-ақ балалардың тұрғын үйлердің терезелерінен құлау деректері де көбейген.
– Жыл басынан бері Алматыда осындай 13 оқиға тіркелді, өкінішке қарай, оның 7-уі өліммен аяқталды. Сонымен қатар жаз басталғаннан бері суға түсу үшін жабдықталмаған жерлерде үш кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім суға батып кеткен. Осыған байланысты, Алматы полиция департаменті ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға, көпқабатты үйлердің терезелеріне тосқауыл орнатуға, терезе маңына жиһаз бен тұрмыстық заттарды қоймауға шақырады. Заңда балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге саламыз!, – деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов.