RSS лента

Қазақстанда интернет 2027 жылы жылдам жасауы мүмкін...

  • 08.08.2023, 18:23,
  • 520
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Астанада ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында интернет сапасы мен елді байланыспен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Отырысқа Қоғамдық кеңес төрағасы Андрей Беклемишев бастаған ұйым мүшелері, ҚР ЦДИАӨМ және байланыс операторларының өкілдері қатысты. Кеңес барысында байланыс операторлары желілерді сапа мен географиялық жағынан да дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ұялы байланыстың бесінші буынын (5G) өрістету бағытындағы деректер ұсынылды. Сонымен қатар байланыстың қол жетімділігі мен желілердің ақауларын жою жөніндегі жоспарлар туралы сұрақтарға толыққанды жауап берді. 

 

Қоғамдық кеңес мүшелері еліміздің жекелеген шалғай өңірлеріндегі байланыс сапасына алаңдаушылық білдірді, бұл өз кезегінде цифрлық инфрақұрылымның, экономиканың және қазақстандықтардың күнделікті өмірінің дамуына теріс әсер ететінін алға тартты. Бұл ретте операторлар 250+ бағдарламасының жетістіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Жоба аясында халқының саны 250 адамнан асатын шағын шалғай ауылдардың тұрғындары мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз етілді. Желілерді жақсарту және қамтуды кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Байланыс пен телекоммуникациялық технологияларды дамытуға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауда оң үрдістер бар.

 

Осындай мүмкіндіктердің бірі базалық станцияларды салу ережелерін жеңілдету. Себебі, бұл процесс аса күрделі әрі көп уақытты қажет етеді, яғни ұялы байланыс желілерін орнату үшін оны жоспарлау, антенна-діңгек құрылыстарын салу, жабдықты сатып алу және орнатудан бөлек, оны жүзеге асыратын рұқсат беру құжаттары мен түрлі сараптамалар жинақтау керек, ал бұл операторлардың айтарлықтай уақытын алып, қаржылық шығындарға әкеп соқтырады. Операторлардың айтуынша, бұл процесс 12 айға дейін созылады.

 

Сарапшылар пәтерлер мен үй-жай иелерінің хаттамалық шешімін алудың қиындығын ерекше атап өтті. Олардың пікірінше, операторлар электромагниттік сәулеленуге арналған стандарттарды орындап отырғандықтан, бұл хаттама артық, ал радиофобияның әсерінен бұл жағдай көбінесе базалық станцияларды демонтаждауға әкеп соқтырады.

 

2027 жылға қарай операторлар республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында бірнеше мың базалық станция орнатуды жоспарлап отыр. Осы кезеңде 5G желілерін белсенді орналастыру көзделген. Жаңа технологияны еліміздің жүздеген мың тұрғыны пайдалануда, күн сайын 5G желісі жаңа орындарда орнатылуда.

 

ҚР ЦДИАӨМ өкілдерінің айтуынша, баға саясаты мен байланыс сапасы операторлардың жауапкершілігінде, ал ведомство бұл бағыттағы жағдайды жақсартуға септігін тигізеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости