RSS лента

Полиция ата-аналарға шұғыл ескерту жасады! (+видео)

  • 04.06.2024, 10:15,
  • 217
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Жазғы демалыс алдында интернет балалар үшін несімен қауіпті? Полиция ата-аналарға бірқатар кеңес берді, деп хабарлайды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

 

Polisia.kz мәлім еткендей, “оң-солын” дұрыс ажырата алмайтын жасөспірімдер киберкеңістіктің теріс әсеріне ұшырауы ықтимал. Әр түрлі сайттарға кіріп, топтар мен қауымдастықтарға тіркеліп, кәмелетке толмаған бала бейтаныс адамдармен виртуалды байланысқа түседі.

 

Бөтен адамның ықпалына тез беріліп, бала өзінің “жаңа досына” банк картасының нөмірін, телефон нөмірін, жеке кабинеттер мен парақшалардың құпия сөздерін, тұрғылықты мекен жайын айтып қоюы мүмкін.

 

Сонымен қатар күдікті адаммен виртуалды қарым-қатынас өмірдегі кездесулерге ұласу қаупі бар.

 

Одан бөлек, жеткіншек ақша табу мақсатында закладчик-курьерлерді жинайтын хабарландырулардың құрығына түсіп қалуы мүмкін.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости