RSS лента

Франция президенті телефон нөмірін өзгертті

  • 23.07.2021, 17:03,
  • 412
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Франция президенті Эммануэль Макрон ұялы телефоны мен нөмірін өзгертті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы «Deutsche Welle» басылымы хабарлайды. Бұған «Pegasus тыңшылық бағдарламасына қатысты жанжал себеп болған. Осы бағдарлама арқылы президентті аңдуы мүмкін екені анықталған.

 

Айта кетейік, таяуда «Forbidden Stories» құқық қорғау ұйымы Франция президенті Эммануэль Макрон мен ел үкіметі мүшелерінің телефоны израильдік «Pegasus» электронды тыңшылық жүйесі арқылы тыңдалуы мүмкін екенін хабарлаған. Макронның телефон нөмірлерінің бірі осылай жасырын тыңдалғандар тізімінде болған.

 

«Оның бірнеше телефон нөмірі бар. Бірақ бұл оны біреу аңдыды дегенді білдірмейді. Бұл – жай ғана қосымша қауіпсіздік» дейді Франция билігінің ресми өкілдері.

 

Сонымен қатар, Макрон киберқауіпсіздік мәселесі бойынша жедел жиналыс өткізіп, «Pegasus» тыңшылық бағдарламасын талқылаған. Осылайша, Франция үкіметі киберқауіпсіздік инфрақұрылымын нығайтып, қоғамдық ғимараттарын қорғау жолдарын іздестіріп жатыр.

 

Қауіпсіздік мақсатында Франция басшысына телефон нөмірін жиі ауыстырып отыруға кеңес берілген.

 

Еске салайық, бұған дейін әлем бойынша журналистер мен құқыққорғаушылардың смартфондарына тыңшылық жасаған бағдарлама анықталғаны хабарланған еді. Бұл туралы бірнеше ай бойы жүргізілген журналистік тексеру қорытындысында айтылған. «Pegasus жобасына» неміс бұқаралық ақпарат құралдары қатысқан. Құрамына 16 редакция кіретін журналистік консорциумның қолына бірнеше елден алынған 50 мың телефон нөмірі бар тізім түскен. Бұл нөмірлер бойынша тыңшылық жұмыс жүргізілген болуы мүмкін екені айтылады.

 

Олардың ішінде 2 мыңға жуық қазақстандық болған. Нақтырақ айтқанда, тізімде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мәмин, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев және Серікжан Мәулетбай, Бигелді Ғабдуллин секілді журналистер мен құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожина бар.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости