RSS лента

COVID-19: Әлемдегі ахуал

Автор фото: әлеуметтік желі

Әлемдік сипатқа ие болған дерт дүниежүзіне әртүрлі әсер етуде, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Сoronavirus2020.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Бірі қорғану амалдарын күшейтсе, енді бірі керісінше, шектеу шараларын жеңілдетуде. Мәселен, Бразилия COVID-19-дан өлім-жітім саны бойынша әлемде екінші орында. Рио-де-Жанейрода зираттарда орын болмауына байланысты қайтыс болғандарды жерлеу үшін жаңа кешен салынуда.

 

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында келтірілген деректерге сүйенсек, елде коронавирустық инфекциясының таралуы шеңберінде Бразилияның санитариялық қызмет өкілдері әйелдерге мүмкіндігінше жүктілікті кейінге қалдыруға кеңес беруде.

 

Ал Израильде көшеде міндетті маска тағып жүру ережесі күшін жойды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның таралу деңгейі төмен екенін атап өтті. Ғимараттарда жеке қорғаныс құралын тағу әлі де міндетті.

 

Франция билігі Аргентина, Бразилия, Чили және Оңтүстік Африкадан келгендерге міндетті карантин енгізбек. Шектеу шаралары 24 сәуірден бастап күшіне енеді.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости