Анықталғандай, бейнежазба Атырау әуежайында түсірілген екен. Емін-еркін жүрген үй жануарын алматылық студент Жәния Әбішева телефон камерасына түсіріп алыпты.
– Мен өз рейсімді күтіп отырғанымда қасымда жатқан мысықты көрдім. Айналадағы адамдардан оның бұл жерге қайдан келгенін сұрағанымда «әуежайдың мысығы» деген жауап алдым. Ал, ұшаққа отырғызу басталған сәтте адамдармен бірге ол да орнынан тұрып, шығарып салғандай болды, - дейді ол.
Видеоның астына пікір білдіргендердің санында шек жоқ. «Мен онымен рейсімді бірге күттім», «Ол бұл жерде көптен бері жүр», «Біздің әуежайдың күзет басшысы ғой», «Екі жыл бұрын қасында тағы бір мысық болды, ол кофехананың қасында тұрды», «Ұшып келушілерді де қарсы алады» деп жарыса жазды олар.