Бұл видео былтыр 3 ақпанда 2020 Кенияның Какамега қаласында түсірілген. Бұл күні қалалық мектептердің бірінде қайғылы жағдай болған. Оқиға салдарынан 10-12 жастағы 14 бала қайтыс болды. Бұл жағдай туралы баспасөзде көп жазылды.
Зембілде жатқан денелер түсірілген ролик көптеген платформалардан алынып тасталды, бірақ оның жас шектеуі қойылған нұсқасын Желіден көруге болады.
Бұл видеоның вакцинацияға немесе COVID-19 пандемиясына қатысы жоқ, өйткені оқиға болған кезде пандемия әлі жарияланбаған болатын.
Демек, Африкада вакцинациядан 13 баланың қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған. Вакцинацияға қарсы адамдар пандемия басталғанға дейін болған трагедияның видеоны адамдарды вакцинацияға қарсы қою және ғылымға қарсы қастандық теорияларын танымал ету үшін қолданады.