Видеода енесі келінінің шашынан тартып, сүйрейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі мәлім етті. Кейбір парақша бұл оқиғаның Шымкентте орын алғанын жазған.
“Өз бетімен кетсін”, “Әдепсіз әйел”, “Менің әжем де келінінің қанын ішетін. Бірақ бұлай емес. Көзімен және сөзімен қорқытатын”, “Күйеуі видеоға түсіріп тұр ма?”, – деді пікір қалдырушылар.
Болған оқиғаға байланысты Шымкент қаласының полиция департаментінен сұрап көрдік.
“Аталған дерекке қатысты қызметкерлермен тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, бейнежазбадағы жайт Шымкент қаласы аумағында орын алмағаны анықталды”, – деді ведомство.