Бұл туралы stopfake.kz мәлім етті. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл видеоға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, видеода «Көкшетау Дезинфекция» ЖШС жүргізген жоспарлы дезинсекциялық өңдеу барысы көрсетілген. Өңдеу жұмыс уақытынан тыс уақытта – осы жылдың 22 шілдесінде сағат 20.00-де балабақша алаңында балалар болмаған кезде жүргізілген.
– Өңдеу шаралары жәндіктерді жою мақсатында жоспарға сәйкес мезгіл-мезгіл жүргізіледі, бұл жолы құмырсқалар мен араларға қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді. Оны оқытылған қызметкерлер Қазақстан Республикасында рұқсат етілген құралдармен жүзеге асырады. Құрметті облыс тұрғындары, кейбір адамдар ойлағандай, бұл қажетті іс-шаралардың коронавирустық инфекцияға қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді және оны таратпауларыңызды сұраймыз, – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.