RSS лента

Маңғыстауда той өткізуге рұқсат берілді

  • 21.12.2021, 02:02,
  • 486
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Маңғыстау облысында Ashyq-та «жасыл» мәртебеге ие 100 адамға дейін шара өткізуге рұқсат етілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Еске салайық, ҚР денсаулық сақтау министрі жаңа жылдық корпоративтерді мерекелеуге қойылатын талаптар әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болатынын хабарлаған еді. Ережені әр облыстыың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жасайды. Рұқсат етілген жағдайда шараның неше адамға есептелгені есепке алынуы тиіс. Маңғыстау облыстық бас санитарлық дәрігер брифинг барысында өңірдің «жасыл» аймақта екенін, соған байланысты жеңілдіктер қарастырылғанын мәлімдеді.


«Қазіргі уақытта корпоратив өткізу бойынша нақты шешім қабылданбады. Жалпы, соңғы қаулыға сәйкес, өңірде түрлі шаралар өткізуге рұқсат етілді. Қазіргі уақытта, қаулы бойынша, Ashyq жүйесі арқылы «жасыл» мәртебесі бар 100 адамға дейін шараға қатысуға рұқсат бар. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін» деді Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев.


Айта кетейік, өткен тәулікте облыста коронавирус инфекциясының үш жағдайы тіркелді: біреуі Ақтауда және екеуі Түпқараған ауданында. Облыс бойынша 2021 жылғы 3 ақпан мен 20 желтоқсан аралығында КВИ-ге қарсы вакцинаның бірінші компонентін 187 849 адам (48,8%), екінші компонентін-167 649 адам (43,2%) алды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости