RSS лента

Көшеде Әнұран айтқан бүлдіршін елді сүйсінтті (+видео)

  • 30.09.2023, 16:17,
  • 349
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Бейнежазбада екі жасар бүлдіршін анасымен бірге келе жатып көшеде тұрған көліктің мемлекеттік нөміріндегі Тудың бейнесін көре салысымен Әнұранның қайырмасын айта жөнеледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

[media=https://youtube.com/watch?v=mTfL8IosD8E?si=ICaVawx5S4wUkkI1]

 

Ол Атырау қаласының тумасы, бүгінде Астана қаласының Айлин есімді кішкентай тұрғыны екен. Әкесі – мемлекеттік қызметші, анасы – қоғам белсендісі.

 

«Айлин – балаларымыздың ең кенжесі. Оның алдында екі апасы мен бір ағасы бар. Біз Айлинді кішкентай кезінен қазақ әуендерін тыңдап өсірдік, ата-әжесі патриотық өлеңдерін айтып бақты.  Отбасымызда патриоттық тәрбие отбасыдан басталады деген сөз басты қағида. Астанадағы «Алтын адам» бала бақшасына барғалы Әнұранды  айтып үйренді. Балабақшада әр күн Гимн айтудан басталады. Қазір Айлин Ту көрсе болғаны, қолын кеудесіне қойып Әнұран айта бастайды» дейді анасы.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости