RSS лента

Қостанайда 48 баласы бар отбасы тұрады

  • 24.05.2023, 16:22,
  • 503
  • 0
  • Автор:
Автор фото: скриншот видео

Қостанай облысының Лисаков қаласында 48 баласы бар отбасы тұрады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Оның үшеуі – туған, 45-і – асырап алған балалары. Бүгінде солардың алды студент атанып, оқып жатса, кенжесі небәрі 3 жаста. Осыншама жетімді бауырына басқан Рустам мен Гуля Шукуровтардың бар арманы – балаларына дұрыс тәрбие беріп, өсіріп, жеткізу. Кішкентай Ксения қаз-қатар тізілген сөмкелердің иелерін жаңылмай айтып шықты. Бір үйден 32 бала мектепке барады. Сондықтан әрқайсысының оқу құралдары өз орындарында тұруы қажет. Біз үшін олардың әкім не ғалым болуы шарт емес, ең бастысы, бұрыс жолға түспей, дұрыс адам болғаны маңызды, - дейді көпбалалы әке Рустам Шукруов.

 

- Бала тәрбиесінде ертеден қалыптасқан дәстүріміз бар ғой. Соны ғана ұстанамыз. Ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру. Қамыққанға қамқор, жабыққанға жанашыр болу. Бірінші кезекте осы құндылықтарды саналарына сіңіруге тырысамы, - дейді ол.

 

 Рустам мен Гуляның өздері де көпбалалы отбасыларынан шыққан. Сондықтан олар жауапкерішілік жүгін жақсы сезінеді. Алғаш 1998 жылы Лисаковтағы жетімдер үйінен Гуля бірден 7 баланы алып шыққанда Рустам қарсылық білдірмеген. Одан кейін жыл сайын қосылып, бала саны 48-ге жетіпті. Олардың үшеуі – өз балалары есейіп, ер жеткен. Бұл отбасы мемлекеттің көмек-қолдауына да көп иек артып отырған жоқ. Рустам – жеке кәсіпкер. Сауда орталығы бар. Бұрын сатып алған 5 қабатты үйдің толық 2 қабатында бала шағасымен тұрады.

 

- Жеке коттедж учаскемізде бар. Сиыр, қой, ешкі, тауық, үйрек ұстаймыз. Туған 2 балам соның басында. Басқалары да сол жаққа барғанды қызық көреді. Ал Гуля үй шаруасында. Бау-бақша баптап, ас мәзірін дайындап, балаларға қарау – күнделікті тірлігі. Әрине, ересек қыздары көмектеседі. Біреуі сырқаттанып қалса, алаңдап, ұйықтамайтын кездерім болады, - дейді көпбалалы әке.

 

- Бұрын аздау болғанда әр туған күнді жеке атап өтетінбіз. Қазір ай сайын 7-8 туған күннен келеді. Сондықтан әр айдың бір күнін таңдап алып, қосып тойлаймыз. Бір-бірімізге сыйлықтар жасап, тәтті тоқаш, бәліштер пісіреміз, - дейді көпбалалы ана Гуля Мансұрова.

 

Қазір 48 баланың сегізі – студент. Біреуі ақылы оқуда. Алдағы 2 жылда тағы 12 бала мектеп бітірмек. Олардың оқуы қалай болмақ деген сұрағымызға, Руслан «әр баланың өз несібесі бар, бірдеңе қыламыз» деп қысқа қайырды.

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости