RSS лента

Депутаттар қылмыстың үстінен түсті (+видео)

  • 26.09.2023, 02:06,
  • 753
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

«AMANAT» партиясының мүшесі Айбар Ерекешов, Атырау облыстық мәслихат депутаты Бақыт Каметов  және қоғам белсенділері түн ортасында Махамбет ауданы Жалғансай ауылының іргесінен Жайық өзені жақтан заңсыз жер қазып жатқан эксковатор мен үш жүк көлігінің үстінен түсті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


«Бұл – ерекше қорғалатын аймақ.  Анықталғандай, бұл жер жарты жылдан бері қарақшылық жолмен қазылып келеді екен. «102» операторына хабарласып жедел топ пен учаскелік инспектор шақырттық. Бұл топырақ тасжол құрылысына жарамсыз екені көрініп тұр. Бірақ Жалғансай ауылының ішкі жол құрылысын ұтып алған мердігер мекеме қызметкерлері басшыларының тапсырмасымен осы топырақты төсейтінін айтып ақталды. Естеріңізде болса, жақында ғана Атырау-Астрахан тасжолын жауын суы шайып кеткен болатын. Осындай жайттар заңсыз карьер қазудан туындайды» дейді халық қалаулылары.

 

Бұл мәселе бойынша тиісті шаралар алынуын талап еткен депутаттар аудан әкімдігінен ресми жауап күтетіндерін жеткізді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости