RSS лента

Ертемен екпе алуға кеткен әкім күні бойы жұмысында болмады

  • 15.06.2021, 16:46,
  • 1 315
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық «Хабар 24» телеарнасының түсірілімдік тобы арнайы «Әкім» тележобасымен Атырау облысындағы Құрманғазы ауданына ат бастарын бұрып, жергілікті әкіммен танысып, сұхбаттасуға келген. Бірақ, таңертең екпе алуға кетті деген басшы жұмыс уақыты аяқталғанға дейін әкімдікке кері оралмапты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Тілші Ақбөпе Тәңірбергеннің айтуынша, жақында ғана сайланған аудан әкімін көгілдір экран арқылы халыққа таныстырып, одан қалса жергілікті тұрғындардың арыз-шағымын тыңдап, әкімге жеткізу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген. Алайда, әкімді орнынан таппаған. Екпе алуға кетті деген хатшысының айтуымен орталық ауруханаға да барыпты. Бірақ, ол жерде де әкім болмай шықты. Дәрігердің айтуынша, аудан басшысы екпені таңертеңгі уақытта келіп алып кеткен.

 

Жергілікті халықтың мұң-мұқтажын тыңдап келген Ақбөпе Тәңірберген аталған мәселелер туралы әкім келгенге дейін оның орынбасарларымен сұхбаттаса тұруды шешкен. Десе де, екі шенеуніктен де ұтымды жауап ала алмаған. Бірі халықтың «ауыз су лас, көпір жабық, суды водовозбен тасимыз, көше жарығы мүлде жоқ, жол сапасы нашар» деген шағымдарына керісінше «су таза, көпір ашық, көше жарығы жүргізілген, жол сапасы өте жақсы» немесе «мен ондайды сізден бірінші рет естіп отырмын, ол мәселе бойынша жобалық-сметалық құжаттар жасақталуда» деген жауаптармен құтылған. Ал, екінші орынбасары, «бұл менің жұмысыма кірмейді, мен жауап бермеймін» деп ауданда ағаштың отырғызылуына қатысты сауалға нақты жауап бере алмады.

 

Десе де, әкім орынбасары халықты қуантатын бір жаңалықпен бөлісті. Ол 250 шақырым жол құрылысы келесі жылы бітеді деген сүйінші хабар айтты. Бірақ, ол сөздің де нақты екеніне ешкім кепіл бола алмайды.

 

Осылайша, «әкім әне келеді, міне келеді» деп жұмыс уақыты аяқталғанға дейін күткен түсірілімдік топ Құрманғазы ауданының жаңа әкімінің жүзін де көре алмай кеткен.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости