RSS лента

Журналистің көлігін өртеп жіберді (+видео)

  • 11.05.2023, 17:04,
  • 582
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Бүгін түнде белгілі журналист Виктор Сутягиннің көлігі жарылып, түгі қалмай өртеніп кетті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.



Оқиға сағат 04:21 шамасында болған. Бұл туралы  жазды.

 

Виктор Сутягиннің айтуынша, кешке ол көлікті үйдің жанында қалдырған. Жарылыстардан көршілер өре түрегелген, бірақ оқиға орнына келген өрт сөндірушілер де көлікті құтқара алмады.



Полиция мүлікті қасақана жою фактісін тіркеді.Сутягин мемлекеттік БАҚ-тың меншікті тілшісі болып жұмыс істейді және қоғамдық қызметпен айналысады, өткен жылдан бастап Атырау облысының қоғамдық кеңесінде қызмет етеді және Facebook парақшасын жүргізеді.Журналист кімді ашуландырып қойғанын түсінбей дал. Оның әлеуметтік желіде көтерген тақырыптарының бірі – қоқыс шығару тарифтерін көтеру. Жақында Сутягин өзінің Facebook парақшасында құрылыс алаңдарының бірінде жерді беру туралы үлкен резонанс тудырған жазба жариялаған болатын.Бұл – БАҚ өкілдеріне жасалған алғашқы шабуыл емес.

 

Естеріңізде болса, 10 және 13 қаңтар күндері белгісіз біреулер Elmedia.kz сайты редакциясы кеңсесінің терезелерін сындырып кеткен болатын. Бұл алты айдағы редацияға жасалған алтыншы шабуыл ретінде тіркелді. Редакция жетекшісі Гүлжан Ерғалиева Ішкі істер министрінен жағдайды бақылауға алуды талап етті.

 

13 қаңтарда белгісіз біреулер белгілі блогер Динара Егеубаеваның көлігін өртеп жіберген. Жыл басында ол «Алтыншы Қаңтар» блогын құру туралы хабарлап, бір мандатты округтер бойынша Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауына қатысуға дайын екенін жеткізген.


18 қаңтарда шабуылдаушылар Ulysmedia.kz сайтын бұзып, бас редактор Самал Ибраева мен оның отбасының жеке деректерін жариялады. Сайт басшысы полицияға арыз жазып, қылмыстық іс қозғалды.

 

19 қаңтарда журналист және Hyperborey YouTube арнасының авторы Вадим Борейко пәтерінің есігін әлдебіреулер құрылыс көбігімен жауып тастағаны жайында хабар тарады. Журналистің айтуынша, олар есікті жауып, кейін оны өртеп жібермек болған.Сондай-ақ, жуырда ғана Ulysmedia.kz кеңсесіне біреулер мал еті мен бас редактордың балаларының суреті салынған қорап жіберген. Самал Ибраева бұл әрекетті редакцияны қорқыту деп бағалайды. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

20 ақпанға қараған түні әлдекім журналист Вадим Борейкноның операторының екі көлігін өртеп кеткен.

 

Сонымен қатар, 22 ақпанда журналист Данияр Молдабеков өзіне шабуыл жасалғанын мәлімдеді.28 қаңтарда журналистерге жасалған шабуылдардың үйлестірушісі ұсталғаны хабарланды.4 наурызда ІІМ шабуылдардың басты ұйымдастырушысын атады.

 

Министр Ахметжановтың дерегінше, БАҚ өкілдеріне шабуыл жасау деректері бойынша барлығы 30-дан астам іс қозғалып, 22 адамның күдікті деп танылған. Бұдан бұрын жеті адам қамауда отырғаны хабарланған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости