RSS лента

Қауіпті кәмпиттер сатылып жатқаны рас па? (+видео)

  • 12.02.2023, 04:46,
  • 637
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Пайдаланушылар Instagram әлеуметтік желісінде таратқан роликтің авторы супермаркетте Kinder choco bons кәмпитінің құрамын оқып, оған құрттар қосылғанын айтады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл видео Италияда түсірілген, кәмпиттердің қаптамасындағы ақпарат итальян тілінде жазылған. Роликтің авторы айтқан қауіпті «ингредиент gommalacca немесе орыс тілінде «шеллак» деп аталады.


«Шеллак» деп тырнақ бояуға арналған кез келген гель-лакты атайды. Шындығында, бұл Kerriidae тұқымдасына жататын жәндік-құрттардың қалдықтарының да атауы. Бұл қатып қалған ағаш шайырына ұқсас алтын-қызыл түсті тығыз зат.


Kinder choco bons кәмпиттерінде шеллак кәмпиттің түрін сақтау және оны қоршаған ортаның әсерінен қорғау үшін қолданылады. Бұл ингредиент адам үшін қауіпті емес.


Өндіруші кәмпиттерге шеллак деп құрттар қосады деген дұрыс емес. Өйткені, мысалы, тамақ өнеркәсібінде балды пайдалану араларды жеумен бірдей емес, бірақ аралар – бал шығаратын жәндіктер.


Осылайша, әлеуметтік желілерде тараған балалар кәмпиттерінде құрттар бар екендігі туралы ақпарат жалған.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости