17 тамыз күні сағат 08:50 Қызылорда облысы ПД Арал АПБ-ның “102” арнасына белгісіз біреу аудан орталығындағы “Эврика” сауда үйіне әйнек есігін сындырып, 17 ұялы телефонды және 2 наушникті ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама түскен. Жеке кәсіпкерге келтірілген шығын 5 миллион 850 мың теңгені құрады.
Аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен күдікті 15 жастағы аудан тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұрланған телефондар айғақты зат ретінде алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3 бөлігінің 1,3-тармақтарымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 144-бабының 2-бөлігінің тәртібіне орай кәмелетке толмағанға қатысты ата-анасының қарауына беру туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.