Кезекті сот отырысындағы жарыссөз кезінде Рысқалиев бұған дейін келтірген айғағын антикор қызметкерлерінің нұсқауымен айтқанын баяндады.
- Олардың айтқанын жасап, соңына дейін әрекет етсем, куә болып қалатынымды және ешқандай жауапкершілікке тартылмайтыныма сендірді. Сондықтан, солардың нұсқауымен әрекет еттім. Шындығында Адамовтан алған ақша пара емес, демеушілік қаржы болатын, - дейді ол.