Әлеуметтік желіде алматылық тұрғынның жылқыны әдейі көлігімен басып өлтірген бейнежазбасы тарады. Оны көрген жұрт бірде өз наразылықтарын білдіре бастады.
Нақтырақ айтқанда, 16 шілде күні Междуречинск ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдасымен жанжалдасып, Toyota Land Cruiser көлігімен оның жылқысын қасақана басып кеткен.
Әйтсе де, Алматы облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, екі тараптың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылады. Құқық бұзушы көпшілік алдында жәбірленушіден кешірім сұрап, зардап шеккен жылқының иесіне малдың құнын толық өтеген. Осылайша күдіктіге қатысты қозғалған іс тоқтатылды.
Бірақ, кейін бұл шешімге өзгеріс енгізіліп, құқықбұзушы 10 тәулікке қамалды.