"Мынау Маңғыстау облысы АО «Қаражанбасмұнай» деген кен орнында болып жатқан забастовка. 50 пайыз ақша сұрап жатырмыз, айлығын көтеруді. Қазір Ли Тецян деген президентімізді күтіп отырмыз" делінген видеода.
"Қаламқас кен орнының жұмысшыларының көтеріліске шыққаны туралы әлеуметтік желіде таралып жүрген ақпарат шындыққа жанаспайды. 1 желтоқсан күні сағат 07:00 шамасында ауысым кезінде «Oil Services Company» ЖШС, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ және «Бозашы Транс Құрылыс» мердігер компаниясының жұмысшылары кәмелетке толмаған балаларына вакцина салмау және жалақыларын көбейту туралы талаптарын жеткізді. Дегенмен Қаламқас кен орнындағы өндіріс процесі тоқтаған жоқ.
Кездесу соңында мұнайшылар өздері айтқан талаптарға сәйкес арыз толтырды. Бұдан кейін жұмысшылар қызметтеріне оралды. Қазіргі таңда Қаламқас кен орнындағы өндірістік нысандар штаттық режимде жұмыс жасап тұр" делінген «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның ресми хабарламасында.