RSS лента

«Халық жауы» атанып, темір торда көз жұмды… (+видео)

  • 31.05.2021, 15:42,
  • 681
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

31 мамыр – солақай саясат салдарынан «халық жауы» атанып, жазықсыз жапа шеккендерді еске алу күні қарсаңында Атырау қаласының тұрғыны Ақжай Қойшыбаева өзінің әкесі туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


1890 жылы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында туған Қойшыбай Есембаев Патшалық Ресей кезінде гимназияда оқытушылық және қазіргі Орал қаласында фельдшерлік білім алып, мұғалім болған және халықты оба мен шешек ауруларынан емдеген.

 

«Менің әкем Атыраудан шыққан атақты жазушы Зейнолла Қабдолов пен заңгер Салық Зимановтардың ұстазы болды. Қиын шақта мұғалімдік әрі дәрігерлік білім алып, халықты оқыту және эпидемиямен күресу оңай емес. Бірақ, өкінішке орай, 1951 жылы оған Халел Досмұхамедовпен бірге жүргені үшін «халық жауы» деген жазықсыз жала жабылып, темір торға тоғытылды» деп әкесін еске алған Ақжай Қойшыбайқызы көз жасын сығып алды.

 

Қойшыбай Есембаев «халық жауы» атанған атақты ғалым Халел Досмұхамедовпен 1914-20 жылдары бірге жүргені үшін 1951 жылы Ақтөбедегі түрмеге қамалды. Бір жылдан кейін «халқым үшін еңбек еткен едім, неліктен осы жағдайға тап болдым?» деп түрме түбінде құсалықпен көз жұмды.

 

Ол кезде «халық жауларының» денесі туыстарына берілмей, түрме жанына жерленген. Сондықтан олардың рухына тағзым еткісі келетін ұрпақтары әлі де мәңгілік мекені қайда екенін білмейді.

 

Тәуелсіздік жылдары жазықсыз жан ақталып, тура жарты ғасыр өткенде Ресей Федерациясының Батыс Қазақстан бойынша консулы Атырауға арнайы келіп, оның «Еңбек Қызыл Ту» ордені мен «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» орден-медалдерін қайтарып берді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости