RSS лента

Жаңа фильм әлемнің үрейін туғызуда...

  • 28.11.2022, 02:40,
  • 524
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Желіде «Кенеттен қайтыс болды» атты жаңа фильм шықты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Онда COVID-19 қарсы вакциналардың өлімге әкелетіні туралы дәлелдер жинақталған екен. Бұл, әрине, олай емес.



Фильмде айтылған кейбір тезистерді stopfake.kz талдап берді.


1. Вакцинацияланған адамдардың денесінен шығу тегі түсініксіз ұйыған қан болады.


Фильмде Бальзамдаушы Ричард Хиршман осындай мәлімдеме жасайды. Ол ұйыған қан туралы көпшілік алдында 2022 жылдың басында айта бастады. Ол кезде басқа бальзамдаушылар да, фактчекерлер де оның сөздерін жоққа шығарып, тоңазытқышта ұзақ уақыт жатқан адамдардың денесінде қан ұйығыштарының пайда болуы таңқаларлық жайт емес деп түсіндірді.


COVID-19 қарсы вакциналар тромбтар қалыптастырмайтыны туралы Пойнтер институты да хабарлаған болатын.


2. Вакцинацияланған адамдардың қанынан белгісіз бөлшектер табылды


Бұл туралы фильмде Ричард Хиршман және өздерін бальзамдаушы ретінде таныстырған басқа адамдар да айтады. Олар өз сөздеріне ешқандай дәлел келтірмейді. Бұл ретте вакцинацияланған адамдардың қаны бірнеше рет талданды және одан белгісіз бөлшектер табылмағанын айта кеткен жөн. Оның үстіне, фильмде сипатталған бөлшектер едәуір ірі, егер олар шынымен ағзада бар болатын болса, онда бұл денені бальзамдау барысында ғана емес, адамның тірі кезінде кез келген физикалық тексеру кезінде байқалатын еді.


3. Сарбаздар арасындағы өлім 10%-ға өсті


Фильмде бұл туралы вакцинацияға қарсы тұлға Тереза Лонг мәлімдейді. Ол бұған дейін COVID-19 қарсы вакциналары антифризден тұрады деген мәлімдемелерімен танымал болған. Бұл мәлімдеме де, оның сарбаздар арасындағы өлім-жітім туралы айтқан сөздері де фейк. Соған қарамастан, Лонг теориясына сүйене отырып, АҚШ әскерилер арасындағы өлім-жітім 10%-ға емес, 1100%-ға артты деген жаңа теория пайда болды. Бұл тезисті британдық фактчекерлер жоққа шығарды. 


4. Түрлі себептер бойынша өлім бірнеше есеге өсті


Фильм авторлары вакцинация компаниясы басталғаннан бері өлім-жітім барлық рекордтарды орнатты деп мәлімдеген белгісіз сақтандыру компанияларына сүйенеді. Осыған ұқсас пікірді бұған дейін америкалық адвокат және сақтандыру компаниясының директоры Тодд Каллендер таратқан болатын. Оның есептеулері бойынша 2022 жылдың қыркүйегінде артық өлім-жітім 84%-ды құрады. Бірақ статистикалық мәліметтер бұл есептеулерді растамайды. Біз бұл туралы бұған дейін егжей-тегжейлі жазған болатынбыз. Артық өлімді растайтын басқа мәліметтер жоқ. Осы сипаттағы барлық мәлімдемелер – ойдан шығарылған және манипуляция.


5. Вакцинация қатерлі ісіктің дамуына ықпал етеді


Халықаралық қатерлі ісікті зерттеулер қорының мәліметі бойынша, әлемде онкологиялық аурулар статистикасының күрт өсуі байқалмайды. Сонымен қатар, қазір вакциналар онкологиялық аурулардың өсуіне себеп болды деп айта алмаймыз. Ғалымдардың есептеулері бойынша, денедегі ісік орта есеппен ол анықталғанға дейін 10 жыл бұрын пайда болады екен. Егу науқаны басталғаннан бері он жыл өткен жоқ, сондықтан вакцинация салдарынан біреулерде төртінші кезеңдегі ісік пайда болып, дамыды деп айту негізсіз.


6. Ашық дереккөздерде егілгендер арасындағы мыңдаған өлім туралы мәліметтер бар


Фильмде VAERS вакциналар мен дәрі-дәрмектің жағымсыз реакцияларын бақылау жүйесі туралы айтылады. Біз онда ұсынылған мәліметтерді 100% сенімді деп санауға болмайтыны туралы бірнеше рет жазған болатынбыз.
«Есептерде толық емес, дәл емес, кездейсоқ немесе тексерілмейтін ақпарат болуы мүмкін. VAERS-тегі өтініштердің көбі ерікті түрде жазылған, яғни олар біржақты болып табылады», — делінген сайттағы сипаттамада. 


9. Адамдардың өлгені бейнежазбаларда көрсетілген


Фильмнің маңызды бөлігі – адамдар кенеттен жерге құлап, денесі құрысып қалатыны туралы қысқа видеолар топтамасы. Роликтердің қай жерде түсірілгенін және онда кімнің түсірілгенін анықтау мүмкін емес. Алайда, біз рөлде отырып, өзін нашар сезінген автобус жүргізушісінің видеосын сәйкестендіре алдық. Бұл жүрегі ұстап қалған түрік жүргізушісі. Орын алған оқиға салдарынан ол қайтыс болған жоқ. Ал оның егілгені туралы ешқандай мәлімет жоқ. Сондай-ақ, «Кенеттен қайтыс болды» фильмінің трейлерінде жерге құлаған баскетболшы көрсетілген. Бұл – Кейонтае Джонсон, ал жазба 2020 жылғы желтоқсанда түсірілген. Ол кезде вакциналар әлі көпшілікке қол жетімді бомлаған. Демек, оның егілуі екіталай. Джонсон видеода есінен танып қалады, бірақ өлмейді. Қазір ол мансабын сәтті жалғастыруда және денсаулығына қатысты шағымдары жоқ. 


Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, таралған «деректі» фильм – бұл Интернеттен алынған роликтермен толықтырылған ескі және теріске шығарылған фейктер мен манипуляциялар жиынтығы, олардың түпнұсқалығын тексеру мүмкін емес.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости