Короновирустың өлімге әкелетін штаммы шығып, жаңа ауру пайда болады екен – COVID-23. Ресми "Стоп фейк" порталы мұны жоққа шығарды.
Бұл болжамның «дәлелі» ретінде қастандық теориясын жақтаушылар көркем фильм мен The economist журналының мұқабасын ұсынады. Екеуін де талдап шығайық.
Фильм «Тордағы құс. Ауру жұқтыру» деп аталады. Ол 2020 жылы COVID-19 пандемиясы шарықтаған кезде шыққан. Онда 2023 жылы ауыр дерттің пайда болғаны, сондай-ақ 2024 жылы қоғамның түбегейлі өзгергені туралы айтылады. Ірі қалаларда қатаң локдаун жарияланды, ал науқастар оқшаулау аймақтарына жіберіліп, оларға ешқандай көмек көрсетілмеді. Бұл «Зұлымдық мекенінің» немесе «Жүріп жүрген мәйіттердің» болатынына сенгенмен бірдей. Фильмді түсіргендерді миллиондаған адамның өмірін қиған ауруды пайдаланып, атын шығармақ болды, көрермендерді одан сайын қорқытып, оларға карантиндік шаралар мен денсаулық сақтау жүйесінің жұмысы туралы қате түсінік берді деп айыпталды.
The Economist журналының мұқабасына келетін болсақ, онда да жаңа пандемия болжанбаған. Пайдаланушылар сілтеме жасаған басылым 2021 жылдың 13 желтоқсанында шыққан. Онда өткен жыл қорытындыланып, келесі жылдың қандай болатыны туралы болжамдар жазылған. Журнал санының мұқабасында бұрын болған оқиғалардың белгілері мен адамдар бейнеленген. Мәселен, SARS-CoV-2 вирусының суреті жаңа пандемияның болатынын емес, басталған пандемияның бейнесі боғлан.
Айта кетейік, The Economist журналы 2021 жылы COVID-19 індеті 2022 жылы басылады деп жазды. Жаңа мутациялардың пайда болуы және карантиндік шаралардың күшейтілуі осы және басқа мақалаларда айтылмаған.
Демек, 2023 жылы жазда әлемде жаңа пандемия болады, жаңа COVID-23 ауруы пайда болады деп санауға негіз жоқ.