RSS лента

«Ashyq»: Төрт көзді "бағдаршам"

  • 12.07.2021, 17:12,
  • 509
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазір жұқпалы індетпен күрес шарасы да, санитарлық талап та күшейе түсті. Күн тәртібінен түспей тұрған шараның бірі – «Ashyq» бағдарламасы, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Осы жүйені енгізу арқылы індетпен күрестің қазақстандық тәжірибесінің жаңа бағыты пайда болды. Соған орай, стратегиялық нысандар – әуежай мен теміржол вокзалында «Ashyq»-пен қалай жұмыс жасайтынын көріп қайттық.

 

Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайда келушілер арасында коронавирус таралмауы үшін алдын алу шаралары жолға қойылған. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып, кіреберісте термометр мен антисептиктер тұр. Ғимаратқа кірместен бұрын әуежай қызметкері алдымен «Ashyq» қосымшасы арқылы мәртебені анықтап алуды талап етті. Біз арнайы QR-кодты сканерлеп, экрандағы «жасыл» түсті көрсеткен соң ары қарай өтуге рұқсат алдық. Күту залында «АТМА Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ Бас директорының орынбасары Жаңыл Үмбетиярова ханымды кездестірдік. Оның айтуынша, әуежайда «Ashyq» мобильді қосымшасы 14 маусымнан бастап іске қосылған. Қызмет көрсетуші компания тарапынан жолаушыларды ұзақ күттірмеу үшін қо сымша е сіктердің қолжетімділігі де көрініп тұр.

 

– Өзіңіз көргендей, әуежай термина лдарының кіреберістерінде QR-коды бар тақтайшалар орнатылған. Әрбір келуші оны сканерлеп, тексерушіге ұсынуы керек. Терминалға кіру тек «жасыл» немесе «көк» мәртебесі бар адамдарға ғана рұқсат етіледі. Рұқсаты жоқ адамдар үшін арнайы бөлме қарастырылған. Нысанда дәрігер жұмыс істейді. Осы күнге дейін тіркелген «сары» және «қызыл» белгі санаулы ғана. Олар әуежайға өткізілмеді. Әуе компаниясы ішкі ережеге сәйкес жолаушыларға билет құнын өтейді немесе ұшу уақытын басқа күнге ауыстыруы мүмкін, – деп түсіндірді Жаңыл Рысбайқызы.

 

Әуежай әкімшілігі халықпен жұмыс істейтін қызметкерлерге бағдарламаны түсіндіріп, алгоритмін пысықтаған. Айта кетейік, «Ashyq» бағдарламасы қызыл, сары, көк және жасыл мәртебеге бөлінеді. Мұның қандай мәні барын күнделікті өмірде қолданған жұрт дұрыс түсіне бастағандай. Себебі, қазір мейрамхана, сауда үйлері мен демалыс орындарына QR-кодты сканерлемей кіру мүмкін емес. Мамандар әуежайға келгенде абдырап қалмас үшін «Ashyq» қосымшасын телефоныңызға жүктеп, мәртебені алдын ала тексеруге кеңес береді. Бас директордың орынбасарынан «Ashyq»-қа қатысты түсінбеушіліктер жөнінде сұрадық.

 

– Әуежайда қосымша арқылы жолаушыларды қабылдау мен ұшу жұмыстарын басқару бір ізге түсті. Шығарып салушы және қарсы алушылар әуежай ғимаратына қосымшаның көмегімен ғана кіре алады. Біздің мұндай талабымызға жолаушылар да түсіністік танытады. Бәрі де көзі ашық, сауатты адамдар ғой. Шынында, бұл адамдардың қауіпсіздігі үшін маңызды. Жоба енгізілгенге дейін әуежайда қарсы алушыларға ғимаратқа кіру шектелген болатын, – деп, Жаңыл Рысбайқызы

 

«Ashyq» әуежайда өзінің тиімділігін дәлелдегенін айтты. Келесі бағыт – теміржол вокзалы. Үнемі халық ығы-жығы болып жататын ғимарат ішінде бейсауат адам байқалмайды. Адамдар әрлі-берлі жүруден тыйылған тәрізді. Касса алдында да бірен-саран адам тұр. Мұнда да арнайы QR кодты сканерлеп, «жасыл» түс мәртебесін көрсетіп ішке енгенде, вокзал басшысының орынбасары Майра Әбілованың нысандағы дезинфекциялық жұмыстың жүргізілу тәртібін қадағалап жүргеніне куә болдық.

 

Нұсқаулық берген соң бізге бұрылған Майра Баспайқызы мақсатымызды сұрады. Ғимарат ішінде халықтың көп шоғырланбауын, тығыз шаруасы болмаған адамдардың сыртт а тұруын т алап ету қажеттігін түсіндірді. Ең бастысы – халықтың қауіпсіздігі екені ескертілді.

 

– Бағдарлама көмегінің арқасында вокзалдың күту залында қазір қауіп біршама сейілді. Жолаушылар мен клиенттер коронавирустық инфекциядан мейілінше қорғалған. Әдетте, теміржол вокзалына адамдар пойыз аттанарға дейін бірнеше сағат ерте келеді, көбі күту залында отырады. Ал, 1 шілдеде іске қосылған «Ashyq» жүйесінің көмегімен енді біз вокзалға келген жолаушының саулығын нақты білетін болдық. «Сары» және «қызыл» мәртебе сі бар адамдарды вокзалға кіргізбейміз. Мұндай шара жолаушылармен қатар, персоналдың денсаулығын сақтауға да көмектеседі, – дейді вокзал басшысының орынбасары.

 

Егер келушіде смартфон болмаса, оның келісімімен ЖСН–ды жүйеге енгізіп, мәртебесін анықтауға болады. М.Әбілова ол үшін арнайы 2 планшет барын, жұмыспен қамту орталығынан көмекке келген қызметкерлер қосымшамен жұмыс жасауды жоғары деңгейде ұйымдастырып жатқанын айтты. Қауіпті індет жөніндегі мәртебені «Ashyq» қосымшасымен қатар «Aitu», «Egov mobile», Kaspi bank, «Халық банк» қосымшалары арқылы да тексеруге болады екен. Ол үшін ЖСН енгізу жеткілікті. Бұл азаматтарға ыңғайлы болу үшін жасалған Сонымен, «Ashyq»-тың індеттің таралуын шектеудегі мүмкіндігі уақыт те зімен сыналмақ. Ол әуелі нысанға келушілер мен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде кәсіпкерлік нысандарына қолдау көрсетеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости