Конгрес 2025 жылы 18-22 тамыз аралығында өтеді. Іс-шараға 4000-ға жуық адам қатысады. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мәлімдеді. Қазақстанда IFLA-ның дүниежүзілік Конгресін өткізу еліміздің кітапхана кадрларының кәсібилігін жетілдіруге және кітапхана мен ақпарат қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған.
Бұл IFLA-ның Орталық Азиядағы халықаралық кітапхана саласын дамытудағы рөлін күшейтетін алғашқы басты іс-шара болмақ. Конгреске қатысушылар еліміздің бай тарихымен және мәдени дәстүрлерімен де кеңірек таныса алады.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін халықаралық шарада әлемнің түкпір-түкпірінен білікті кітапханашылар бас қосып, тәжірибе алмасып, жаңа ақпараттық технологиялар мен кітапханашылардың жетістіктерін талқылап, ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатады.
IFLA – әртүрлі елдердегі кітапхана ісінің озық тәжірибесін жинақтайтын, талдайтын және әртүрлі кітапхана түрлерімен (көпшілік, мектеп, университет, арнайы, әртүрлі шектеулері бар адамдарға арналған және т.б.) пайдаланушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың халықаралық стандарттарын белгілейтін кітапхана мамандарының жаһандық қоғамдық ұйымы
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Астананы осы беделді іс-шараны өткізу орны ретінде ілгерілетуде басты рөл атқарды. Ұлттық компанияның командасы өтінім дайындау, техникалық сапарларды ұйымдастыру және процедуралық мәселелерді шешу жұмыстарына белсенді қатысты. Бұл Қазақстан астанасының конгресс өткізу орны ретінде таңдалуына елеулі үлес қосты.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Ұлттық кітап күні мен Астана мен Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалардың ашылуын жариялады. Ол сондай-ақ осы күні түрлі тақырыптық іс-шаралар, соның ішінде арнайы кітап көрмелері мен фестивальдер өткізуді ұсынды. Осы бастамалар аясында және MICE туризмін дамыту шеңберінде біз Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығымен бірлесіп, Халықаралық кітапхана ассоциациялары мен мекемелері федерациясының (IFLA) жыл сайынғы конвенциясын өткізуге өтінім бердік. Астананың IFLA 2025 Әлемдік кітапханалар және ақпарат конгресін өткізуге таңдалуы Қазақстанның әлемдік мәдени және ғылыми сахнадағы өсіп келе жатқан маңыздылығын растайды. Біз Конгресстің кітапхана ісін дамытудағы маңызды кезеңге айналатынына және мәдени алмасу мен кәсіби дамуға деген адалдығымызды көрсететін конструктивті және өнімді пікірталастарға арналған платформа беретініне сенімдіміз», – деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Сәдуақасов.