Оған әлемнің 10 елінен 3000-нан астам оқушы қатысады. ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлім еткендей, қатысушылар арасында көптеген мемлекеттерден командалар, Гонконг, БАӘ, Түркиядан келетін оқушылар бар. Қазақстаннан іріктеу чемпионаттары барысында квота алған 200 команда қатысады.
«Мұндай көлемдегі робототехника бойынша чемпионат Қазақстанда алғаш рет өтеді. Өткен жылы чемпионатқа 1200-ге жуық оқушы қатысты, биыл қатысушылар саны 2,5 есе көп. Біз балаларымыз бәсекелестікті сезінуі үшін халықаралық мықты командаларды шақырдық», – деді USTEM Foundation қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.
Мектеп оқушылары үш негізгі жас санаты бойынша бақ сынайды: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас). Чемпионатта Роботтар ойынынан басқа инновациялық жобалар байқауы мен төрешілер сессиялары қамтылады.
Central Asia FIRST Championship жеңімпаздарының халықаралық жарыстарға қатысуға лицензиялар, бағалы сыйлықтар және қазақстандық әрі шетелдік жоғары оқу орындарына гранттар алуға мүмкіндіктері болады.