RSS лента

Қазақстанда электрондық кітапхана пайда болды

  • 01.12.2023, 12:26,
  • 300
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: ortcom.kz

Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың сайтында есімдері білім саласының қалыптасу тарихында алтын әріптермен жазылған ұстаздарға: Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Қанипа Бітібаева, Аягүл Миразова т.б. арналған «Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханасы құрылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Электрондық кітапханада ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері, мақалалары мен зерттеулері туралы ақпарат алуға болады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті. Барлығы 1000-нан астам еңбек ұсынылған.

 

Электронды кітапхана жыл бойы жаңа ақпараттармен толықтырылады. Алдағы уақытта электронды кітапхана білім саласына еңбегі сіңген ұстаздар еңбегімен толыға бермек.

 

Қазіргі таңда электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 12 мыңға жуықтады.

 

Электрондық кітапхананы https://rnpb.kz/ сайтынан көре аласыздар.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости