Оған еліміздің әртүрлі өңірінен жиналған командалардың атынан 100 шабандоз қатысады.
«Ұлы дала жорығы» марафонының мақсаты қарапайым. Бұл бірегей ұлттық бренд құру, дәстүрлі ат спортын, атап айтқанда, қазақтың «қазанат» жылқы тұқымын танымал ету. Мұндай жарыстар БАӘ, АҚШ, Испания, Франция, Ұлыбритания, Германия, Канада және Австралия сияқты елдерде Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қамқорлығымен үнемі өткізіліп тұрады. Сондықтан біздің жобамыздың халықаралық деңгейде ауқымды оқиғаға айналуға барлық мүмкіндігі бар. Келесі жылы Қазақстан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізеді. Мемлекет басшысы оны жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Алдағы жарыс, соның ішінде, еліміздің инфрақұрылымының көшпенділер ойындарына да, басқа да болашақ жарыстарға дайындығын тексеруге тамаша мүмкіндік болмақ», - деді мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.