Мағзұм Мырзағалиев ведомствоның ұжымына жаңа басшыны таныстыра отырып, Әлібек Қуантыров әртүрлі жауапты лауазымдарда айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтті. Айта кетейік, ол Атырау қаласында туған. Әртүрлі жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарды атқарды. Ұлттық экономика министрі де болды.
KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қазіргі уақытта Қауымдастық алдында маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. KAZENERGY — бұл мемлекеттік органдардың, Парламент пен мұнай-газ және энергетика салаларындағы компаниялар арасындағы ірі диалог алаңы болып табылады. Қауымдастық саланың заңнама базасын қалыптастыруда белсенді қолдау көрсетуге және Үкіметпен диалог орнату процесіне қатысуға дайын екенін айтты.