RSS лента

Тимур Құлыбаев KAZENERGY басшысы қызметінен кетті

  • 08.12.2023, 15:13,
  • 389
  • 0
  • Автор:
Автор фото: www.kazenergy.com/kz

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мырзағалиев сайланды, деп хабарлайды Turantimes.kz қауымдастықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Шешім 8 қарашада Алматы қаласында өткен «KAZENERGY» Кеңесінің отырысында қабылданған», делінген қауымдастық хабарламасында.


«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылдың 2 қарашасында құрылды.


Бүгінде қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібі салаларындағы компанияларды біріктіреді. Қауымдастықтың мақсаты – әлемде және елімізде энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетика саласының (мұнай-газ және электр энергетикасы) тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу.


Қауымдастық төрағасының лауазымы қоғамдық жұмыс болып есептеледі, оған жалақы төлеу қарастырылмаған.


Естеріңізге сала кетейік, Тимур Құлыбаев қауымдастықтың басшысы қызметін 2005 жылдан бері атқарып келді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости