RSS лента

Өңірлер республикаға қаражат құюға міндетті ме? - Сенат төрағасы жауап берді

  • 08.01.2024, 18:00,
  • 207
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Депутат республикаға құйылатын өңірлердің ақшасы өздерінде қалсын деген ұсыныс айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мәселен, Атырау көп жылдан бері республикалық бюджеттің ірі доноры болып саналып келеді. Бұл туралы жергілікті белсенділер Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың өңірге іссапарында тағы бір мәрте еске салды. Оның атыраулық жұртшылықпен кездесуінде депутаттар ауыл мен балық шаруашылығы, экологиялық ахуал, Жайық суының азаюы және басқа да маңызды мәселелерді көтерді. Мәселен, облыстық мәлихат депутаты Арман Хайруллин қазір Парламент қабырғасында қаралып жатқан жаңа бюджет кодексіне өзгерістер енгізуді сұрады. Айтуынша, Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын Атырау облысынан 230 миллиард теңге алады екен. Ал, 2023-2025 жылдарға мұнайлы мекен республика қазынасына 460 млрд теңге құяды.

 

    «Мұнай компанияларының салық түсімдерінің бәрі республикалық бюджетке түсіп отыр. Ал, бізде 300 млрд теңге шамасында қаражатты қажет ететін түрлі инфрақұрылымдық және экологиялық жобалар бар. Сол салықтан артылғанын өңірде қалдыруды ұсынамын. Сонда біз өзімізді толықтай жарылқай аламыз» деді халық қалаулысы.

 

Өз кезегінде Мәулен Сағатханұлы оның сөздерін қолдайтынын және бұл мәселені жан-жақты қарастыратынын жеткізді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости