RSS лента

Қала мен аудан әкімдерін сайлау қорытындылары шықты

  • 06.11.2023, 13:08,
  • 177
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: Turan Times

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше сайлауға дауыс берушілердің 62,79 %-ы қатысқан, деп хабарлайды Turantimes.kz

5 қарашада алғаш рет 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаланың әкімдерін сайлау өтті. 


1553 сайлау комиссиялары: 17 облыстық, 3 қалалық, 42 аудандық және 1491 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды. Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді. Сайланған әкімдердің орташа жасы 46,7 жасты құрайды.


Комиссияның мәліметінше, сайлау науқаны республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Дауыс беру күні байқауды Қазақстан Республикасының 8500-ге жуық кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, байқаушылары мен БАҚ өкілдері жүзеге асырды.


17 өңірдегі сайлау қорытындылары:


Курчатов қаласы бойынша - Абдралиев Болат Тансыкбаевич сайланды, 1976 жылы туған, Курчатов қаласының әкімі, Курчатов қаласы.

Абай ауданы бойынша - Смагулов Мейржан Серикбосинович сайланды, 1987 жылы туған, Абай облысы Абай ауданы әкімінің орынбасары, Абай ауданы;

Ақкөл ауданы бойынша - Әбдірахманов Біржан Тасболатұлы сайланды, 1983 жылы туған, Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы;

Астрахан ауданы бойынша - Ерсейітов Талғат Аманбайұлы сайланды, 1974 жылы туған, Бұланды ауданының әкімі, Бұланды ауданы,  
Макинск қаласы.

Есіл ауданы бойынша - Балжанов Серік Мырзасейітұлы сайланды,  1980 жылы туған, ШЖС  «Бейсен-1» директордың орынбасары,
Есіл  ауданы, Есіл қаласы;

Жақсы ауданы бойынша - Қадыралина Алмагүл Аманжолқызы сайланды, 1978  жылы туған, Жақсы ауданының әкімі, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы.

Шортанды ауданы бойынша- Шабаров Сағындық Серікбайұлы сайланды, 1982  жылы туған, Шортанды ауданының әкімі, Шортанды ауданы, Шортанды кенті.

Қобда ауданы бойынша - Тынымгереев Ізгілік Досмұратұлы сайланды,1978 жылы туған, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы Қобда ауданының Қобда ауылында тұрады;

Ойыл ауданы бойынша – Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы сайланды, 1962 жылы туған, Ойыл ауданының әкімі, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының  Ойыл ауылында тұрады;

Ырғыз ауданы бойынша - Қызбергенов Нұрлан Қасымханұлы сайланды, 1968 жылы туған, Ырғыз ауданының әкімі, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Ырғыз ауылында тұрады.

Исатай ауданы бойынша- Мусин Нұрым Бекежанұлы, 1980 жылы туған, Исатай аудандық мәслихатының төрағасы, Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны;

Қызылқоға ауданы бойынша- Азмуханов Канат Кадыржанович, 1981 жылы туған, Қызылқоға ауданының әкімі, Қызылқоға ауданы Миялы ауылының тұрғыны.

Балқаш ауданы бойынша - Кутпанбетов Азат Укитаевич сайланды, 1976 жылы туған, Балқаш ауданының әкімінің орынбасары, Балқаш ауданы Бақанас ауылы;

Жамбыл ауданы бойынша Ертас Нурлан Ертасулы сайланды, 1980 жылы туған, Жамбыл ауданының әкімі, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы.

Бөкейордасы ауданы бойынша- Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы сайланды, 1981 жылы туған, Бөкейордасы ауданының әкімі, аудан Бөкейордасы;

Қаратөбе ауданы бойынша-Сүйеуғалиев Қадыржан Орынбасарұлы сайланды,1972 жылы туған,Қаратөбе ауданының әкімі, аудан Қаратөбе.

Тасқала ауданы бойынша- Шакиров Талғат Асқарұлы  сайланды, 1973 жылы туған, Тасқала ауданы әкімінің орынбасары, аудан Тасқала.

Жуалы ауданының әкімі болып - Мұртаза Жалғас Алижанұлы сайланды, 1988 жылы туған, Жуалы ауданының әкімі. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылының тұрғыны.

Т.Рысқұлов ауданының әкімі болып - Есіркепов Ернар Серікәліұлы  сайланды, 1981 жылы туған, Т.Рысқұлов ауданының әкімі. Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының тұрғыны.

Кербұлақ ауданының әкімі болып Қанат Болатұлы Есболатов сайланды, 1982 жылы туған, Жетісу облысы Кербұлақ ауданының әкімі, Кербұлақ ауданы.

Сарқан ауданының әкімі болып Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев сайланды, 1968 жылы туған, Жетісу облысы Сарқан  ауданының әкімі, Сарқан ауданы.

Приозерск қаласы бойынша – Ахметов Мансур Талгатович сайланды, 1987 жылы туған, Приозерск қаласы әкімі орынбасарының м.а., тұрғылықты жері – Приозерск қаласы;

Ақтоғай ауданы бойынша – Кенжебеков Руслан Айтыкенович сайланды, 1978 жылы туған, Ақтоғай ауданының әкімі, тұрғылықты жері – Ақтоғай ауданы;

Осакаров ауданы бойынша – Нурмуханбетов Руслан Есенбекович сайланды, 1981 жылы туған, Осакаров ауданының әкімі, тұрғылықты жері – Осакаров ауданы.

Алтынсарин ауданы – Сартов Арнұр Маратұлы, 1987 жылы туған, Алтынсарин ауданының әкімі, Алтынсарин ауданында тұрады.

Денисов ауданы - Қатпаев Руслан Жоламанұлы, 1979 жылы туған, Денисов ауданы әкімінің орынбасары, Денисов ауданында тұрады.

Қарабалық ауданы - Халыков Руслан Болатұлы 1987 жылы туған, Қарабалық ауданының әкімі, Қарабалық ауданында тұрады.

Федоров ауданы Исабаев Тауба Қаиржанұлы, 1967 жылы туған, Федоров ауданының әкімі, Федоров ауданында тұрады.

Рудный қаласы Ионенко Виктор Николаевич, 1970 жылы туған, Рудный қаласының әкімі, Рудный қаласында тұрады.

Сырдария ауданы бойынша - Сарменбаев Берик Абдугаппарович сайланды, 1963 жылы туған, Сырдария ауданының әкімі, Сырдария ауданында тұрады;

Шиелі ауданы бойынша - Ахатов Нуржан Сабитович сайланды, 1978 жылы туған, Шиелі ауданының әкімі, Шиелі ауданында тұрады.

Бейнеу ауданының әкімі болып Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы сайланды, 1976 жылы туған, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары, Бейнеу ауданында тұрады.

Ақтоғай ауданы бойынша - Арынов Қаршыға Зәлмұханұлы сайланды, 1972 жылы туған, «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ, әкім, Ақтоғай ауданында тұрады;

Железин ауданы бойынша - Шайхимов Айтуған Абылайұлы сайланды, 1980 жылы туған, «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ, әкім, Железин ауданында тұрады;

Шарбақты ауданы бойынша - Иманкулов Сержан Ергалымович сайланды, 1979 жылы туған, «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ, әкім орынбасары, Шарбақты ауданында тұрады.

Есіл ауданының әкімі болып Мұхамедияров Мереке Тілеужанұлы сайланды, 1962 жылы туған, Есіл ауданы әкімінің орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы.

Мамлют ауданының әкімі болып Елена Федоровна Степаненко сайланды, 1972 жылы туған, Мамлют ауданы әкімінің орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы.

Тимирязев ауданының әкімі болып Жаров Ерлан Қайырұлы сайланды, 1982 жылы туған, Тимирязев ауданының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы.

Бәйдібек ауданы бойынша- Нурмаханов Ерлан Заиповичсайланды,1973жылы туған,ЖШС "Корпорация" ERNUR" директоры, Бәйдібек ауданы;

Мақтаарал ауданы бойынша-Асанов Бахыт Насирханович сайланды, 1962 жылы туған, Мақтаарал ауданы әкімі, Мақтаарал ауданы;

Созақ ауданы бойынша- Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы сайланды, 1967 жылы туған, Созақ ауданы әкімі, Созақ ауданы;

Шардара ауданы бойынша- Карсыбаев Арман Романович сайланды, 1977 жылы туған, Шардара аудандық маслихатының төрағасы, Шардара ауданы.

Ұлытау ауданының әкімі болып Мырзабеков Аманжол Батырбекович сайланды, 1973 жылы туған, Ұлытау облысы Ұлытау ауданының әкімі, Ұлытау селосында тұрады.

Алтай ауданы бойынша - Құрмамбаев Ренат Тлеуханұлы сайланды, 1980 жылы туған, Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы, Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласы.

Глубокое ауданы бойынша - Тумашинов Эльдар Лұқбекұлы сайланды, 1987 жылы туған, Глубокое ауданының әкімі, Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы Глубокое кенті.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости