Облыстық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, елорда уақытымен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде барлық 1491 аудандық және қалалық сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті.
Ірі 305 сайлау учаскесінде ЦДИАӨМ және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен бірлесіп, сайлаушылар тізіміне кірмеген, бірақ сайлау учаскесінің аумағында тұратын мекенжай мәліметтерін тексеру үшін сервис ұйымдастырылды.
Жамбыл және Түркістан облыстарының 3 сайлау учаскесінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң шеңберінде аумақтық сайлау комиссияларының қабылданған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 06.00-де басталды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының сайлау учаскелері Астана уақыты бойынша сағат 08.00-де ашылды.
Сайлаушылар тізіміне 1 062 327 азамат енгізілді.
4 қараша сағат 18.00-де жалпы, учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру құқығына 143 есептен шығару куәлігін берді.
Сайлау өтіп жатқан аудандар мен қалалардың тізімі: