RSS лента

5 қараша күні аудан мен қала әкімдерін сайлау өтеді

  • 14.09.2023, 15:36,
  • 614
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Freepik.es

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларды сайлау 2023 жылдың 5 қарашасында 3 қала мен 42 ауданда өтеді, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасай отырып. 

Сайлау тағайындауға негіз болып табылады: пилоттық өңірлердің тізбесін және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәслихаттың шешімі. 


Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы мәслихаттың шешімімен белгіленген аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізетін күнге дейін кемінде 50 күн бұрын тағайындайды. 


Кандитарттарды ұсыну 2023 жылдың 16 қыркүйегінен 2023 жылдың 5 қазанына дейінгі уақыт аралығында жүреді. 


Кандитартарды тіркеу 2023 жылдың 10 қазанда сағат 18:00-де аяқталады. 


Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап 2023 жылдың 4 қараша 00:00-де дейін жалғасады. 


Кандидаттар келесі тәсілдермен ұсынылуы мүмкін: 

- белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар өз мүшелері арасынан. Бұл ретте саяси партия бір сайлау округінде тек бір кандидат ұсынуға құқылы; 

- өзін-өзі ұсыну тәртібімен дауыс беруге құқығы бар тиісті округ сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1%-ының қолдауымен. 


Орталықтың хабарлауынша, аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауға жергілікті бюджеттен 2,2 миллиард теңге жұмсау жоспарлап отыр. 


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости