Қазақстан тарапынан құжатқа министр Ерлан Нысанбаев, ал Германия тарапынан Томас Тенхардт мырза қол қойды.
«Бірінші кезекте қалыптасқан ынтымақтастықты оңынан атап өткім келеді. Қазақстан Республикасы биологиялық әртүрлілікті сақтау, климаттың өзгеруіне, шөлейттенуге және жердің тозуына қарсы күрес бойынша өзіне алған халықаралық міндеттемелерді орындауға міндеттенеді. Еліміздің флорасы мен фаунасын сақтауға қызығушылық танытқаныңыз және ынтымақтасуға ниет білдіргеніңіз үшін алғыс айтамыз», - деп атап өтті министр.
Осы Меморандумға қол қою біздің елімізге табиғатты, климатты және онымен байланысты іс-шараларды қорғау жөніндегі жобаларды жоғары деңгейде қолдауға, ақпарат алмасуға, осы саладағы әлемге әйгілі халықаралық ұйымдар деңгейінде ғылыми тәжірибені пайдалануға, сондай-ақ табиғат қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілік деңгейін жүйелі негізде арттыруға және т.б. мүмкіндік береді.
Айта кетейік, «Naturschutzbund Deutschland e.V» компаниясы (NABU) 1899 жылы құрылған, штаб-пәтері Берлин қаласында орналасқан.
Германияның табиғаты мен қоршаған ортасын қорғау жөніндегі ең көне және ең ірі үкіметтік емес ұйым (900 мыңнан астам мүшесі бар). Өзендерді, теңіздерді, ормандарды және басқа да экожүйелерді сақтауды, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің жекелеген топтары мен түрлерін қорғауды қоса алғанда, елде және шетелде түрлі табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асырады.