RSS лента

АҚШ қазақстандық компанияға санкция енгізді

  • 19.08.2023, 17:55,
  • 699
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

АҚШ-тың қаржы министрлігі қазақстандық компанияға қарсы санкция енгізді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Ведомство мәліметіне сәйкес санкция қазақстандық Defense Engineering Limited Liability Partnership, ресейлік "Версус" пен Словакия еліндегі Versor S.R.O. компаниясына санкция енгізілген.

 

"Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы қару сатылымы бойынша келісімшартты қолдауға бағытталған арнамен байланысты үш ұйымға санкция енгізді", – делінген хабарламада.

 

Ведомство аталған үш компанияның да Словакция азаматы Ашот Мкртычевке қатысты бар екенін атап өтті. Ашот Мкртычевке Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы қару сатылымына көмектесуге тырысқаны үшін 30 наурызда санкция салынған.

 

"Солтүстік Корея мен ресейлік лауазымды тұлғалар арасындағы келіссөз кезінде ол 20-дан аса қару түрі мен оқ-дәріні шикізат пен тауар секілді өнімдеге айырбастап, Ресейге жеткізу жоспарын ұйымдастырды. Мкртычев – “Versor” компаниясының президенті және "Версустың" иесі, Defense Engineering Limited Liability Partnership компаниясының жалғыз директоры", – деп қосты ведомство өкілдері.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости