Фракцияның айтуынша, 2022 жылға арналған республикалық бюджет бекітілгеннен кейін бюджетке 8 түзету енгізілген. Сонымен қатар, 162 млрд.теңге сомасындағы 2 түзету бөлінбей қалды.
"Үкімет өз есеп-қисабына немқұрайлылық танытып, толық сәтсіздікке ұшырады. Жеке компанияда мұндай «жоспарлау» үшін жалдамалы менеджмент жұмыстан шығып кетер еді. Теориялық тұрғыдан алғанда, мемлекеттік қызметкерлер де халық ақшасын басқаруды сеніп тапсырған қызметкерлер. Бірақ үкіметтің халтурщиктерді жазалағанын естімедік".